«5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарының саммитінде

фото: ortcom.kz

Әлемнің бірқатар елдерінің лидерлері Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының сессиясына жиналып жатыр. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жылдың маңызды саяси шарасынан тыс қалған жоқ. Саммиттің ресми жиыны талқыланатын Бейбітшілік және Келісім сарайында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция шетелден келген қонақтарға Ойындарды таныстыру мақсатында «Ұлы даладағы кездесу» тақырыбында көрме қойылымын дайындады.

Сондай-ақ, ШЫҰ сессиясы өтетін ғимараттарда Ойындардың ресми промороликтері орналастырылады және Дирекция өкілдері шетелдік қонақтарға Ойындар туралы ақпаратпен бөлісіп, ұлттық нақышта безендірілген арнайы таныстырылым бұрышында Дирекция өкілдері шетелдік Бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы сұхбаттар легін ұйымдастырады.

Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы 5 шілдеде «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде шетелдік дипломаттар мен ШЫҰ-да тіркелген журналистер үшін Ойындармен кеңірек таныстыру мақсатында арнайы шара өткізеді.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары – 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанадда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі

Назым Рысбетова 8 701 208 18 11

Айғаным Мұқатай
8 747 661 98 93
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
Инстаграмм: https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/ 
Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024  
YouTube: https://www.youtube.com/@WorldNomadGames2024 
Тик ток: https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1 
Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521