50 миллионнан - 5 миллион. Парақорлардан да пайда табуға болады

Егер жемқорлық жайлы нақты ақпаратыңыз болып, оны хабарласаңыз, жақсы сыйақыға ие боласыз.

Бірақ «сүйіншіңіз», яғни, сіз алатын соманың сыйақысы пара алушы һәм берушінің араларындағы ақшаның көлеміне байланысты.

Егер пара сомасы 1 мың АЕК-тен жоғары болса бұл туралы хабарлаған адам пара немесе залал сомасына байланысты осы соманың 10%-на ие болады. Мысалы, егер сыбайлас жемқорлық қылмысының залал көлемі немесе пара 50 млн теңге болса, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған тұлға 5 млн теңге алады.

2021 жылдың 1 тоқсанында республика бойынша 40 азаматқа жалпы сомасы 6,4 млн теңге сыйақы төленді. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылады.

ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қорғауында болатынын біріміз білсек, біріміз білмеуіміз мүмкін. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады.

Қысқасы, мемлекетке зиян келтіретін адам арқылы да пайда табуға болатынын біліп жүргейсіз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521