67 мың азаматтың құқығы қорғалды

Атырау облысы прокуратурасында алқа отырысы өтті, онда 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмыстар қорытындыланды.

Облыстағы криминогендік жағдай қылмыстылықтың 25% (4874-тен 3668-ге дейін) төмендеуімен сипатталатыны атап өтілді.

Қылмыстың алдын алу мен болдырмау бойынша қабылданған шаралар ұрлық санын 28,6% (2900-дан 2072-ге дейін), бұзақылықтың 55% (192-ден 87-ге дейін) төмендеуіне мүмкіндік берді. Жаза өтеу орындарында бірлескен тексерулер жүргізу арқылы қадағалауды күшейту нәтижесімен заңсыз айналымнан 70-тен астам ұялы телефон, WI-fi модемдер, есірткі заттарын кіргізуге ұмтылған 12 фактінің алды алынды. Мысалы, 19.03.2018 жылы Атырау облысы бойынша ҚАЖКД-нің УГ-157/9 мекемесінде «ГАЗель» маркалы автокөлігін тексеру барысында жүк бөлігінде сыр құйылған банкілерде 6 ұялы телефон және оның құрылғылары, Wi-Fi модемі, сондай-ақ, пакетте есірткі заттары анықталды.

Экономикалық мүдделерді қорғау шеңберінде мемлекет пайдасына 432 млн. теңге өндірілді. 67 мыңнан астам тұлғаның құқықтары қорғалды (оның ішінде конституциялық – 1 398 азамат). Мемлекеттік сатып алу, Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы саласында бюджеттік қаражатты талан-таражға салу және жымқыру, сондай-ақ, 600 млн. теңге сомасында салық төлеуден жалтару фактілері анықталды. Қадағалау актілер енгізілді, сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Еңбек құқықтарын қорғау саласында прокурорлар санитарлық және өрт қауіпсіздігіне сәйкес келмейтін жағдайда жұмыс жасаған 5 мыңнан астам адамның құқықтарын қорғады. Тексеруден кейін жұмысшылар 100 млн. теңгеге қосымша ақыларын алуға мүмкіндіктерін алды. Мүдделі органдармен бірлесіп, браконьерлікке қарсы күрес күшейтілді. Балықтың және балық өнімдерінің заңсыз айналымы саласында қылмыс 55% (179-дан 79-ға дейін) төмендеген. Мысалы, балық аулау кооперативінің жұмысшыларынан, балық инспекциясының қызметкері мен «Ақжайық» табиғи резерваты» РММ-ның инспекторынан құралған қылмыстық топ құрықталды. Аталған тұлғалар қара балықтарды заңсыз аулаумен және оны елден шығарумен айналысқан.

Аталған факті бойынша 56 тұлға сотталды, соның ішінде 47 балықшы, 5 қабылдаушы, 4 лауазымды тұлға, оларға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды (8-ден 10 жылға дейін). Жалған ақпарат жариялау арқылы тұрғын үй құрылысы үшін үлескерлерден қаражат алған құрылыс салушының қызметінің бастапқы сатыда жолы кесілді. Құжаттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу жүргізілуде. Прокурорлардың актілері бойынша сотпен 7 табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері мәжбүрлі түрде бұзылып, оның орнына уақытша өтемдік тарифтері бекітілді. Осылайша, облыс бойынша 57 мың жеке тұлғаның және 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды. 4 мың кәсіпкер электрэнергиясы үшін алдын ала 100% төлемнен босатылды. Азаматтық кодекстің 488-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тұтынушы іс жүзінде пайдаланған энергиясы үшін қаражат төлейді, яғни, монополисттің алдын ала 100% төлем алу талабы заңсыз. Мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау аясында прокурордың өтінішхаттары негізінде 413 млн. теңгеден астам бюджет қаржысының негізсіз шығындалуының алды алынды. Жер заңнамаларының сақталуын тексеру нәтижесінде тұрғын үй құрылысы мақсатында жер беру кезінде, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге мораторий талаптарының сақталмауы, аукционнан тыс жер учаскелерін табыстау секілді өрескел заң бұзушылықтар анықталған. Осы бұзушылықтар үшін 34 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды (Құрманғазы ауданының әкімі, Атырау қаласы әкімінің орынбасары және сәулет құрылысы және жер қатынастар бөлімдерінің басшылары). Жалпы прокурорлар алқа отырысының қорытындысымен азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған қадағалау қызметін күшейтуге бағытталды.

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21