Бірінші жартыжылдықта «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша басым салаларды қаржыландыру көлемі 2,9 трлн теңгені құрады.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәліметінше, жыл соңына дейін оны 8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
«Бұл экономикаға қосымша өсім береді – шамамен 1,3 пайыз. Холдингті бюджеттен капиталдандыру екінші жартыжылдықта жалғасатын болады. Бұл біздің нақты сектордың мүмкіндіктерін кеңейтуге қосқан тікелей үлесіміз», — деп түйіндеді Серік Жұманғарин.