А.Шпекбаев: «Біздің мақсат - сын айту ғана емес, жетістікті де бағалау!»

"Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өңірдегі бірқатар салалардың жұмыс барысымен танысты" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Олар алдымен «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының жаңа әкімшілік ғимаратына барып, жұмыс жағдайын зерделеді.

azauc22

Жыл басында ашылған жаңа ғимаратта қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін Халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік төлем, жер кадастры мен жылжымайтын мүлікті тіркеу орталықтары біріктіріліп, бір жерден қызмет көрсетуде екеніндігін айта кету керек.

Ғимараттың қызметімен танысқан Алик Шпекбаев тұрғындардың пікіріне де құлақ асты. «Қазір қағаз бастылықты қысқартып, барлығын электронды түрге өзгертіп жатыр, бұл құжаттарымыздың тез рәсімделуіне оң ықпал ететіні сөзсіз. Осындай мүмкіндік жасап жатқан мемлекет басшысына алғыс айтамыз» деп жылжымайтын мүлкін тіркеуге келген қала тұрғыны Шортанбай Кзылов өз кезегінде филиал қызметіне дән риза екенін жеткізді.

qizil22

Іссапардың келесі нысаны – облыс орталығындағы агенттіктің бастауымен ашылған «Ашық әкімдік» болды. Мұнда мемлекеттік қызметтер бір жерде шоғырланған. Осы арқылы фронт-кеңсе халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге септігін тигізеді.

a

«Ашық әкімдіктің» жұмысымен танысу барысында Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев жобаның мақсаты туралы айтты. «Ашық әкімдік» қызметі арқылы – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырып, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді орындауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, бұл - мемлекеттік органдар мен қоғам арасында байланыс орнатуға септігін тигізеді, - деп атап өтті Қайрат Оразбаев.

Айталық, «ашық әкімдік» қалалық әкімдік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Мұнда фронт-кеңестің мамандарынан бөлек, қалалық бөлімдердің тағы 5 маманы қызмет етеді. Олар тұрғындарға жер қатынастары, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық қызметтері бойынша көмек көрсетеді.

stud22

Сонан соң Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне барған делегаттарды аталған оқу орнының ректоры Саламат Идрисов университеттің қазіргі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Қазіргі таңда түрлі сала бойынша білім алып жатқан студенттердің жағдайы мен ұстаздардың біліктілік дәрежелері туралы айтылды. Сондай-ақ, университеттің оқу-техникалық базасы электронды форматқа көшіріліп жатқандығы туралы да кеңінен қозғалды. Сонымен қатар, агенттік төрағасы инновациялық құрылыс материалдарын өндіретін "Теплый Дом-Атырау" ЖШС зауытына барды.

u

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының жұмыс сапары аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен өткен жиынмен қорытындыланды.

Жиында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша сыртқы талдау және бағалау Атырау облысының арнайы мониторингтік тобының жетекшісі, «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

a

«Сіздердің қызметке адал көзқарастарыңыздың артында халықтың әл-ауқаты тұр. Аралаған нысандар бойынша да, қала, аудандарда көптеген жұмыстардың жасалғандығын көрдік. Бұл – жетістік! Жетістік – ынтымақ, бірлік бар жерде ғана болады. Ал, біздің мақсатымыз – сын айту емес, осындай жетістіктерді де бағалау» деді Алик Шпекбаев қорытынды сөзінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521