Адал еңбек – адам көркі

0 votes

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Парламент мінберіндегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауында «2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын.

«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді»,- деді Мемлекет басшысы.

 

Иә, бұл аталған қағида негізінде еңбек адамның жұмысы бағаланып, мәртебесі айқындала түспек. Қоғамда жұмыс күшін көп қажет еткенімен, еңбегіне сай бағалана бермейтін түрлі сала қызметкерлері бар. Ал аталған қағида негізінде осы мамандықтарға басымдылық берілмек. Сәйкесінше, келер жылы бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Адал еңбек қандайда болмасын сый-құрметке лайық. Сондықтан осы аталған қағидаға сәйкес бірқатар азаматтардың еңбегі еленіп, мәртебелі атақтары белгіленбек. Бұл, менің ойымша адал еңбек ететін кез келген адам үшін құрметті марапат болары анық.

 

Әсет Мурзахметов,

 

Мақат аудандық Мансап орталығының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT