Адам құқықтары - адам жарық дүниеге, өмірге шырылдап келген сәттен
бастап пайда болады. Адам құқықтары - адамның өз мүдделерін заң
шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік
болып екіге бөлінеді.
Табиғи құқықтар дегеніміз - адамның тіршілік етуінен туындайтын
құқылары.
Әлеуметтік құқылар дегеніміз - адамның мемлекетпен өзара әрекеті
процесінде пайда болатын құқықтары.
Адам құқығы - адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған,
заңмен қорғалатын ең жоғарғы демократиялық құндылық. Сондықтанда әрбір
адам өзінің де, басқаның осы құндылығын бағалай білу және оған ешқандай
да зиян келтірмеу керек.
Рухани байлығымыздың бірі отбасы құндылықтары екені сөзсіз. Қазақ
халқы өзінің ұрпағын ата баба дәстүрімен, ата әже тәрбиесімен, ата ана
қамқорлығымен тәрбиелеген. Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық
адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын,, оны
ұрпақ санасына қалыптастыратын жандар ардақты аталар мен әжелер болған.
Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады
және мәдениет пен адамгершілікті қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл
атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы
мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен
нормалар жиынтығы деуге болады.
Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер деген дана халқымыз. Әке
туралы, оның отбасындағы орны туралы әлемнің барлық халықтары, ұлы
философтары өз еңбектерінде айтқан және ұрпаққа аманат қылып қалдырған.
Мысалы, Жүсіп Баласағұни бабамыз Ұл туса - әкеге тартар десе,
Америкалық атақты саясаткер Жорж Вшингтон Әке болу - бұл тек ұрпақ
жалғау емес, сонымен бірге ұрпақ тәрбиелеу деп көрсеткен. Сонымен бірге
қазақта әкенің қамқорлығы таудан биік, Ананың махабаты теңізден терең деп
бекер айтылмаған.
Бүгінгі Ата, әке, бала сынды осы ғасырда жасап отырған үш ұрпақтың
мойнындағы ұлы міндет өз тамырын іздеу, өзін-өзі толық тану болып
табылады.
Қамшының сабындай қысқа өмірде адам баласының бүкіл болмысын,
тыныс тіршілігін, кескін-келбетін ғажайып нұрға бөлейтін, жүрек төрінен
мәңгі кетпейтін екі асыл жан бар. Оның біреуі-аяулы ана болса, екіншісі-
ардақты әке.
Қазақ әйелі бар мұратын отбасының игілігіне арнаған, бар тілегін
перзентінің жолына байлаған әдлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйытқысы,
ұрпақтың анасы.
Отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамытуды тек қана мемлекеттік
бағдарламаларға сүйенбей, ұлтық мүддені биік қоятын әрбір отбасы, әрбір
азамат өзінің парызы ретінде санауы керек. Әрбір отбасында өскен тәрбиелі,
білімді ұрпағымыз еліміздің ертеңгі өмірінің қандай болатынының кепілі.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет ретінде жылдан-жылға
құқықтық реформаны күшейте келе, адам құқықтарының бұлжымастығы, мемлекет тарапынан кепілдігін нығайтып келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 83-1 бабы және «Қазақстан
Республикасындағы Адам құқыұтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан
Республикасының Конституциялық Заңы Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін
ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оларды
сақтау мен құрметтеудің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жауапты
мемлекеттік лауазымды атқаратын адам болып табылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің міндеттері адамның және
азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге
жәрдемдесу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын
ілгерілетуге ықпал ету.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз
қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық,
объективтілік, жариялылық, ашықтық, айқындық қағидаттарын және
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген басқа да
қағидаттарды басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан
Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және
қорғау мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу, Қазақстан
Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік
органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
органдарына, өзге де ұйымдарға және лауазымды адамдарға адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың
профилактикасына және қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты
ұсынымдар мен ұсыныстар береді;
Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын
немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын
алу жөніндегі ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың қызметін
үйлестіреді;
Жоғарыда аталған Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы
туралы шағымдарды қарайды;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.
Айта кетейік, 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» заңдарына қол қойған болатын.
Біріншіден, бұл жаңалық отбасын қорғауға бағытталған. Атап айтқанда,
Неке және Отбасы туралы Кодекстің 2-бабына дәстүрлі отбасылық
құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету туралы толықтырулар енгізілді.
Бұл шара пайда болған көптеген сайттарды, арналарды, чаттарды,
суицидтік бағыттағы топтарды заң жүзінде бұғаттап қана қоймай, олардың
ұйымдастырушыларының сыбайластарымен бірге 5 жылға дейін бас
бостандығынан айыруға мүмкіндік береді.
Енді тән ауруына ұшырататын, бірақ денсаулығына жеңіл зиян
келтірмеген ұрып соғу үшін 80 АЕК мөлшеріндедегі айыппұлдан 50 тәулік
дейін қамау түрінде жаза енгізіледі.
Адам денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК
мөлшеріндедегі айыппұлдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін
жаза қолданылады.
Осы ретте, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты мен
мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ықпалдастық та
артып, жалпы құқық қорғаушылық саласындағы оң ілгер ілеушілік
байқалуда.
2024 жылы Уәкіл кеңсесі өз қызметінде жақсы нәтижелерге қол
жеткізгенін атап өткіміз келеді: өтініштер саны айтарлықтай өсті, бұл
тұрғындар тарапынан сенімнің артқанын көрсетеді, келушілер саны да
кеңейген, құқықтық ағарту жұмыстары жанданып, жүйелі жолға қойылды.
2024 жылдың 12 айында Уәкіл кеңсесіне 6,5 мыңнан астам өтініш түсті, бұл
2023 жылғы көрсеткіштерден 11%-ға артық. Өтініштер санының артуы
азаматтардың Омбудсменді өз құқықтарын қорғаудың нақты тетігі ретінде
қарайтынын көрсетеді.
Уәкіл мен оның өкілдері қызметінің тағы бір маңызды бөлігі – түзеу
мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың құқықтарын қорғау.
Сотталғандардан түскен шағымдардың басым бөлігі тұрмыс жағдайының
көңіл көншітпейтіндігі, медициналық көмектің көрсетілмеуі, мерзімінен
бұрын босату және жазаны ауыстыру туралы өтініштерді қанағаттандырудан
бас тартуға қатысты.
Осы өтініштерге жауап ретінде Уәкіл мен оның өкілдері бас
бостандығынан айыру орындарындағы ұстау жағдайларына мониторинг
жүргізді.
Жалпы, жыл бойына Уәкіл мен оның өкілдері 770 мекемені, оның
ішінде қылмыстық-атқару мекемелерін, әлеуметтік нысандарды және білім
беру ұйымдарын аралады. Барулар нәтижесінде 1014 ұсыным беріліп, оның
81 пайызы орындалды. Бұл мемлекеттік органдармен сындарлы өзара
әрекеттестік пен олардың жауапкершілігінің артқанын көрсетеді.
Омбудсмен Артур Ластаев соңғы екі жылда Үкімет пен мемлекеттік
органдарға жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған 10-ға жуық бастама көтерді.
Олардың қатарында оқшауланған сотталғандардың жоғары білім
алуына мүмкіндік беру, облыс орталықтарында көп бейінді колониялар салу,
сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту және қақтығыс аймақтарынан
оралған азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында заңнамаға өзгертулер енгізу бар.
Көпсалалы колониялар салу мәселесі де қарастырылуда. Мұндай мекемелерді салу қажеттілігі қазіргі уақытта түзеу мекемелерінің ірі елді мекендерден шалғай орналасқандығына байланысты. Бұл олардың қажеттіьтұрмыстық жағдайлары мен кадрлармен қамтамасыз етілуіне кері әсерін тигізеді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қиындатады, медициналық қызмет көрсетуді тежейді. Сондай-ақ сотталғандардың туыстарымен байланысын шектейді.
Осыған байланысты Артур Ластаев Үкіметке барлық санаттағы тұтқындардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын ұстау жағдайларын қамтамасыз ете алатын көпсалалы аралас қауіпсіздік мекемелерін салу туралы ұсыныс енгізді. Тұжырымдама өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар, кәмелетке толмағандар, әйелдер, оның ішінде балалы аналар және басқалар үшін бөлек блоктары бар колониялар құрудыкөздейді.
2023 жылғы қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізді, оның барысында мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, ҮЕҰ және дағдарыс орталықтарының өкілдерімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға ықпал ететін негізгі факторлар талқыланды.
Нәтижелері бойынша заңнамалық түзетулер пакеті жасақталып,
Парламентке жолданған болатын. Атап айтқанда, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту, барлық уәкілетті органдар мен ұйымдарда отбасылық зорлық-зомбылық туралы арыздарды қарау нәтижелерін және қабылданған процестік шешімдерді көрсететін интеграцияланған деректер базасын құру, қылмыстық қудалау нысандарын қайта қарау бойынша шаралар ұсынылды.
Айта кетерлік жайт, еліміздегі белгілі бір атышулы қылмыстарға
байланысты қоғамда қылмыстық жауапкершілікті күшейту және отбасылық-
тұрмыстық саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық
жауапкершілікке тарту мәселелері қызу талқыланып жатыр.
Сондықтан біздің ортақ күш-жігеріміздің назары тек санкцияларды
қатайтуға ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық
жағдайларын болдырмауға және жоюға бағытталуы керек.
Қылмыстылық пен профилактикалық шараларды күшейту, сондай-ақ құқық
қорғау және мемлекеттік органдардың дұрыс жұмыс істеуі отбасылық-
тұрмыстық саладағы қылмысты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданғаннан
бері 75 жыл өтті. Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау
мәселелері әлі де алдыңғы қатарда тұр. Соңғы жылдардағы елеулі
мәселелердің бірі отбасы және тұрмыстық қатынастардағы проблемалар
болып табылады. Бұл - теңдік, кемсітпеушілік, ерік білдіру және өзін-өзі
жүзеге асыру сияқты көптеген мәселелер.
Әрине, адамды физикалық, психологиялық, сексуалдық және
экономикалық зорлық-зомбылықтан қорғау ең өзекті мәселе болып қала
береді. Отбасындағы қол сұғушылықтан жеке адамның қауіпсіздігі
мәселелері кез келген қоғам мен мемлекетке тән. Бұл дәстүрлі отбасы
қатынастардың ерекшеліктерімен де, жалпы дүниетаным мен моральдық
құндылықтар жүйесінің дамуымен де байланысты.
Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қауіптілігін елемеуге
болмайды, ол адамға зиян келтіру немесе өлім, жетімдік және балалардың
жарақаттануы ғана емес, сонымен қатар отбасы және әлеуметтік байланыстар
институтын бұзу, жоғары құндылықтардың – адамның, оның өмірінің,
денсаулығының және қол сұғылмаушылықтың құнсыздануы болып
табылады. Отбасы өмір әлеуметтік тәртіпке және сәйкесінше жалпы прогресс пен дамуға үлкен әсер етеді.
2013 жылдан
бері Ұлттық отбасы күні бекітіліп, 10 жылдан астам «Мерейлі отбасы»
ұлттық байқауы ұйымдастырылып келеді. Әке институтын дамыту
мақсатында 2012 жылдан бастап «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық
бірлестігі қызметін жалғастырып келеді. Мерекелер күнтізбесі Әкелер және
Аналар күнімен толықтырылды.
Отбасылық саясаттың басты мақсаты – өмірдің барлық сынағына
тойтарыс бере алатын ұрпақ тәрбиелеу. Жалпы, мемлекетімізде бала туу
коэффиценті тұрақты.
Қазақ халықы басына қандайда наубет заман болсада, қандай да
қиыншылықтарды басынан өткерсе де ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт
қасиетін салт дәстүрінмен, өнегені әдет ғұрыппен, үлгіні жөн жосықпен,
әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Өмірде адам – адами құндылығын берік сақтап, тура жолдан таймай күн
кешудің өзі тәрбие деген қасиетті сөзге сайып келеді.
Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең
бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі.
«Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері кете туар» деген халқымызда дана сөз бар. Ал дұрыс тәрбие алған бала қоғамға пайдасын тигізетін азамат болып өседі.
Халықтың ізгі дәстүрі біздің асыл мұрамыз. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасына ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, нұр үстіне нұр болмақ. Қазақстан Респбликасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің
Атырау облысы бойынша Өкілі
Абдолов Аманкелді Аманиязұлы