«Әділдік жеңеді». Бақытгүл Хаменованың алғашқы соты аяқталды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменоваға қатысты алғашқы сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Б.Хаменованың айыптау актісінің алмауына байланысты сот отырысы кейінге, яғни 11 тамызға шегерілді. Б.Хаменова актіні алмау себебін сол кезде адвокатының болмауымен түсіндірді.  

Сот аяқталғаннан кейін айыпталушының туыстары әділдік талап ететіндіктерін айтты.

«Әділдік жеңеді. Олар мен отырған уақыт үшін жауап береді» деді Б.Хаменова қолдаушыларына сенімді түрде.  

Айта кетейік, іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке және «Промстройинжинеринг кз» ЖШС жетекшісі  Умиртай Адамовқа қатысты қаралып жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521