АЭС: энергия тапшылығын жояды

0 votes

Атом электр станциясы — баламалы энергия көзі. Стратегиялық нысан арқылы алынған энергияға салық салынбайды. Өйткені ол экологияны ластамайды. Ал, болашақта көмірден энергия өндіретіндерге карбон салығы салынады. Онда энергияның тарифі еселеп өседі. Өндіріс көлемі күрт қысқаруы мүмкін. Міне, сол кезде энергия тапшылығы мәселесі өзекті болады. Ал, атом электр станциясының экономикалық пайдасы қандай? Бұл туралы Jibek Joly жаңалықтарында жан-жақты шолу жасаған KAZINFORM агенттігінің ақпараттарында баяндалған.

 Күн тәртібіндегі маңызды мәселеге орай пікірлерін білдірген тәуелсіз сарапшылардың пайымдауынша, бүгінде әлемде шиеленіскен геосаяси шиеленістен экономикалық ахуал шатқаяқтап тұр. Газ тапшылығынан Батыс елдерінің біразы қиын жағдайға тап келіп отыр. Оның ішінде, АЭС-і бар Франция ғана «көгілдір отынға» тарығып отырған жоқ. Себебі, Париж газдың жылуына зәру емес. «Біз атом электр станцияларының игілігін 70 жыл бойы көріп келеміз. Осы жылдар аралығында ешқандай қауіп те, апат та болған емес. Бұл — нағыз қауіпсіз әрі тиімді энергия көзі. Бастысы, барлық технология сақталып, дұрыс пайдаланылуы тиіс», — депті EDF компаниясының Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі басшысы Пьер-Пол Отениссанс.

Тапшылық сезілген сайын тәуелділік арта түседі

мүлдем жүзеге асырылмайтын болды. Оның үстіне, мұндай жобалар халықаралық ұйымдар тарапынан қаржыландырылмайды. Жел мен күн станциялары тұрақты қуат көзі бола алмайды Осындай ойымен ортақтастасқан Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтың сөзінше, «жасыл экономикаға» баланатын жел және күн станциялары тұрақты энергиямен қамтамасыз етпейді немесе сенімді қуат көзі болып саналмайды. «Қазір салынып жатқан жасыл энергия көздері өкінішке қарай, Қазақстанның бүкіл қажеттілігін жаба алмайды.

пентабысқа жетудің кепіліне айналмақ. Атап айтқанда, отандық өнеркәсіп, бизнес, білім мен ғылым салалары мейлінше жедел дамиды. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Табиғи байлығымыздың пайдасы мен игілігін өзіміз көретін күнге жетеміз. Өндіріске жаңа технологиялар мен инвестициялық жобалар көптеп келе бастайды. Өзімізден артылған электр энергиясын сыртқы нарыққа сатудың мүмкіндігі туады.. Ал, бұған дейін электр импортына жұмсалып келген қомақты қаражат ел ішіндегі маңызды деген жобаларға бағытталады.

 

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT