АЭС салу Қазақстанға не береді?

0 votes

Қазіргі заманауи технологиялар энергияны көп қажет еткендіктен энергия көздерін зерттеу бүгінде маңызды бола түсті. Бастапқыда баламалы энергия көзі болып есептелген ядролық энергия тез арада әлемдегі жетекші энергия көздерінің біріне айналып үлгерді. Қазақстан да бұл мәселеге бей-жай қарамай, АЭС салу мүмкіндігін бұрыннан қарастырып келеді.

1997 жылдан бастап бұл туралы түрлі ойлар айтылып, ескі Маңғыстау АЭС-і орнына жаңа АЭС салу мәселесі бірнеше рет көтерілген. Қазақстанмен бірге басқа көптеген елдер үшін де атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру көмір және газбен қуаттанатын жылу электр станцияларына қарағанда әлдеқайда арзан. Әсіресе, энергетикалық дағдарыс кезінде атом электр станцияларында өндірілетін энергияның құнындағы артықшылық өзіне ерекше назар аудартады.

 

АЭС салу қазіргі таңда қажет деп есептеймін. Себебі ол заманауи әлемдегі электр энергиясының маңызды бөлігі болып табылады. Көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

 

Асқар Барлыбай,

Энергетик

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521