АЭС салуды референдум шешеді

Таяу жылдарда энергия тапшылығының өсуі орын алып, жаһандық проблемаға айналатыны жиі айтылып келеді. Әлемдік қауымдастық сияқты Қазақстан да бұл қиындыққа кезігетіні сөзсіз. Бұл туралы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Маңызды құжатта «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын. Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын» деген ел Президенті маңызды мәселеде Үкіметтің ұсынысын қолдайтынын мәлімдеп, атом электр стансасын салуға қатысты жалпыұлттық референдумды алдағы 6 қазанда өткізуді белгіледі.

АЭС құрылысын салу бойынша еліміздің көптеген өңірлерінде жария талқылаулар  ұйымдастырылды. Онда атом саласының сарапшылары, тиесілі мамандар болашақ стансаның технологиялық қауіпсіздігі, оны салудағы әлеуметтік-экономикалық аспектілері, алынатын энергия көздерінің тигізер пайдасы төңіргеніде жан-жақты ақпараттар берді. Бұл маңызды пікірталасқа түрлі ақпарат құралдары өкілдері, әлеуметтік желіні пайдаланушылар, қоғам белсенділері, зиялылар қауымы белсене араласты. Талқылау барысында атом электр стансасы төңірегінде сан түрлі пікір айтылды. Чернобыль мен Фукусимадағы апат, Семей аймағындағы ядролық сынақтардың келтірген зиянын тізбелеп шыққандар Жапония мен АҚШ сияқты ғылым-білімі жан-жақты дамыған елдердің өзі толық қауіпсіздікті бере алмай отырғандығын алға тартып қарсылықтарын білдірді. Екінші жақ электр энергиясына деген жалпы қажеттіліктерді қанағаттандырудағы АЭС-тің берер мүмкіндіктері, қазіргі ғылым технологиялық прогрестің нәтижесінде апаттың орын алу қауіпі аздығын айтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521