Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Шолақай ауылында 15 жастағы қыздың мәйіті табылған.
Әлеуметтік желідегілер қыздың толық аты-жөні Қисабекова Құралай Ерболқызы екенін айтады. Ол 2007 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Биыл аталған ауыл мектебінің 9 сыныбын ғана тамамдапты.
Ашық дереккөздегі ақпарат бойынша Туыстары қыздың 21 шілдеде үйінен кетіп, оралмағанын айтқан. Мәйіт араға апта салып, 28-шілдеде табылыпты.
«Күдікті ретінде бұған дейін де сотталған 1984 жылы туған, ұлты ұйғыр А. Р атты азамат қамауға алынды. Ол жас қызды айуандықпен зорлап, мәйітті өртеп, қыздың денесін көміп тастаған. Оқиға ұлттық сипат алып бара жатқандықтан, қазір Шолақай ауылында қауіпсіздік шарасы күшейтілген» деген бейресми ақпарат бар.
Atpress.kz