Аймақ басшысы параволейболшылармен кездесті

"Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жақында ғана Германия елінде өткен лицензиялық турнирде күміс жүлдеге ие болған параволейболшылармен кездесті" деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

whatsapp-image-2021-06-09-at-21_46_48

Алдымен спортшылардың дайындық барысын көрген өңір басшысы, халықаралық жарыстан жүлделі оралған параволейболшыларды жеңістерімен құттықтады.

whatsapp-image-2021-06-09-at-21_46_47-6

"Сіздердің спортқа деген құштарлықтарыңыз барша тұрғындарға, әсіресе, жастарға үлгі. Елімізде осындай ержүрек те, қайтпас-қайсар команда бар екенін мақтан тұтамыз. Алда әлі талай белестерді бағындыратындарыңыз сөзсіз. Бүгін күміс жүлде еншілесеңіздер, алда алтыннан алқа тағынатындарыңызға сенемін" деді облыс әкімі.

Тоқсан пайызы Атырау облысының спортшыларынан құралған параволейболдан ұлттық құрама 1-5 маусымда Германияда өткен халықаралық паралимпиадаға іріктеу турниріне қатысқан болатын. Бес ойын өткізіп, финалға шыққан. Ақтық сайыста немістердің құрамасына 3-1 есебімен есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

whatsapp-image-2021-06-09-at-21_46_47-5

"Бұл спорт түрінен әлем бойынша 72 елдің командасы бар. Біз солардың алдыңғы қатарында келеміз. Құрамамыз көптеген сайыстарда өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп жүр. Айталық, спортшылар Қазақстан Республикасының 11 дүркін чемпионы, оған қоса Әлем чемпионатында, Азия және мұхитаралық чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болды. Жігіттер әлі де жоғары жетістіктерге жетері сөзсіз. Спортшыларымыз бабында, алдағы жарыстарда паралимпиадаға лицензия алуға мүмкіндігіміз бар" деді параволейболдан ҚР ұлттық құрамасының бас жаттықтырушы Бауыржан Тахауов.

Командамен ашық әңгіме барысында спортшылар өз мәселелерін де ортаға салды. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма беріліп, шешімдер қарастырылатынын жеткізді.

whatsapp-image-2021-06-09-at-21_46_47

Сондай-ақ, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов еліміздің көк туын желбіретіп келген спортшыларға алдағы сайыстарға сәттілік тілей отырып, алғыс хаттар табыс етті. Ал спортшылар өз кезегінде өңір басшысына халықаралық турнирден әкелген естелік допты табыс етті.

whatsapp-image-2021-06-09-at-21_46_48-1

Айта кету керек, Атырау облысында параволейбол 2002 жылы құрылған болатын.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика