Аймақ басшысы суретшілермен кездесті

«Атырау облысының әкімі «Сурет әлеміндегі Абай мұрасы» республикалық көркемсурет суретшілерінің симпозиумында дара шапқан суретшілерді марапаттады»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.                                   

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, осы жылдың 4-7 қазан «Сурет әлеміндегі Абай мұрасы» республикалық көркемсурет суретшілер симпозиумы өткен болатын.                   

Мақсат – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына суретші көзқарасымен қарай білу және қылқалам құдіретімен жеткен ақын шығармаларын көрерменге көрсету болатын.

Атырау қаласында бас қосқан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, Мәдениет саласының үздіктері, талантты қылқалам шеберлері, барлығы 20 суретші өз туындыларында ақын шығармаларына кеңінен тоқталып, қазақ халқының тұтас болмысы мен салт-дәстүрін, ақын шығармашылығы мен лирикалық өлеңдерін кескіндеме өнері арқылы халыққа жеткізген еді.

Осылайша, Өнер музейінің алтын қоры кемеңгер бейнесімен, оның жарқын да өшпес жырларына арқау болған әртүрлі сипаттағы 40 тың туындымен толықты. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов іс-шараға қатысушыларға ыстық ықыласын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.                                     

«Дарыны мен талантын әрқашан жоғары бағалап, құрмет тұтқан елміз. Соның ішінде, дара Абайды, дана Абайды ұлығылау, насихаттау шаралары біздің өңірімізде де жыл бойы дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Түрлі өңірлердің талай дүлдүлдерінің басын біріктірген «Сурет әлеміндегі Абай мұрасы» атты республикалық симпозиум да өңіріміз үшін мерейлі іс-шара болғандығына сенемін»,-деген М.Досмұхамбетов, жуырда өңірімізде «Ұлық Ұлыс - Алтын Орда» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткелі отырғанын да атап өтті.

Кездесу барысында өнер саласының тарланы, Қазақстанның, Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов тәуелсіздік жылдарында еліміздің бай тарихы жаңғырып, халқымыздың рухани қуаты өрлегенін айтып, Абайға арналып өткізілген шара өңірдің рухани өміріне үлкен әсер еткенін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521