Аймақ басшысы Атырау облысының кәсіпкерлерімен кездесті

 Іс-шараға Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев, аудан әкімдері, салалық басқармалар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылары, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Серік Шәпкенов Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары өңірде жүйелі іске асырылып жатқанын атап өтті. “Әкімшілік кедергілерді азайту, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен сүйемелдеудің қолжетімді болуын қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдануда.

Нәтижесінде ШОБ саласындағы көрсеткіштерде оң динамика бар, — деді облыс әкімі. 2025 жылы кәсіпкерлерге қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы сомасы 64,1 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген. Кездесу ашық микрофон форматында өтті. Жиында Құлсары қаласының 1,5 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант алған тұрғынының жағдайы қаралды. Бизнес-жоспарда белгілі бір жабдық көрсетілгенімен, сатып аларда техника қымбаттап, кәсіпкер басқа модельді алуға мәжбүр болған. Тексеріс кезінде осы сәйкессіздік анықталып, уәкілетті орган грант қаражатын қайтаруды талап еткен. Облыс әкімі мұндай кезде қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылғаны ескеріліп, жағдайдың объективті бағалануы керегін атап өтті.

Өңір басшысы жабдықтың сатып алынғанын және оны растайтын құжаттар бар екенін, сондықтан қаражатты мақсатсыз пайдалану туралы уәж айту орынсыз екенін жеткізді. Ол тиісті басқармаға прокуратурамен бірлесіп жағдайды жан-жақты зерделеуді және медиативтік келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Кездесуде жер телімдерін бөлу, субсидия алу, мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру, су арналарының жағдайы және шаруа қожалықтарын тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелерін де көтерді.

Барлық өтініш хаттамаға енгізіліп, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін кесте жасақталды. Кей мәселелерге кездесу барысында түсініктеме берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT