Аймақта жаңа бөбекжай-бақша ашылды

Бүгін, 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында Водников елді мекенінде жаңа бөбекжай-бақша ашылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

w

Ашылу салтанатындағы лента қию рәсімі облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен «Теңізшевройл» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевке ұсынылды. 280 орындық бөбекжай-бақша «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

w

- Облыс бойынша 5 жыл ішінде 50 балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Биыл өңірде 11 мемлекеттік балабақша қолданысқа беріледі. Солардың бірі - Водников елді мекенінде орналасқан «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасы. Мұнда балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасалған. Ұжымға балаларды тәрбиелеу ісінде табыс тілеймін, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

w

Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиевтың мәлімдеуінше, Водников елді мекенінде келесі жылы 600 орындық мектептің құрылысы басталады деп жоспарлануда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521