АЙНҰР – ҮЗДІК ҰЛАНБАСЫ

Атырау облыстық білім беру басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен «Жас ұландар - мақтанышы елімнің!» тақырыбында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының облыстық форумы өткізілді.

Форум барысында облыс мектептері бойынша 2019 жылдың «Үздік Ұланбасы» номинациясын Новобогат орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айнұр Рүстемқызы жеңіп алды. Сонымен қатар «Жас Ұлан» ББЖҰ қызметін насихаттау, оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру және отансүйгіштікті дамыту, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Құқықтық сауаттылық» бейнероликтер байқауына қатысқаны үшін Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп алғыс хатпен марапатталды.

«Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ Қазақстандағы ең ірі балалар мен жасөспірімдер ұйымы бола отырып, өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге де аса мән беруде. Ұйым Жастар жылы аясында «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Eko Alem» үстелдік эко-ойынын да ұйымдастырған болатын. Осы орайда ауданымыздағы Өркен орта мектебі базасында қараша айының 27-сі күні өткен эко-ойынға аудан орталығындағы Аққыстау, Абай атындағы және Өркен орта мектептерінен 6 оқушы қатысып, жеңімпаз танылған Аққыстау орта мектебінің 10-сынып оқушысы Аманжол Перизат Дәуренқызы 4-5 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық чемпионатқа облыс құрама командасындағы 4 оқушының бірі болып қатысты.

Ақтолқын ҚИЗАТОВА,

аудандық «Жас Ұлан» ББЖҰ уақытша атқарушы хатшысы

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21