Айтылған сөз жерде қала ма?

Аудан орталығына келім-кетімді адамдар үшін бір әжетхана тұрғыза алмай қойдық.

Осы әжетхана жайы алдымен аудандық газетте көтірілді, кейін түрлі басқосуларда тілге тиек те болды. Бұл мәселені, Аққыстау ауылындағы халықтың көп жиналатын жері – базар маңында адамдарға арналған бір әжетхана жоқтығын, 2018 жылдың ақпан айындағы аудандық қоғамдық кеңестің бір жиынында аудан әкімі Марат Бисенғалиұлына ұсыныс-пікірім деп айтқаным бар еді. Аудан басшысы өз аузынан айтқаны бар: «Күн жылынсын, бір шаруашылық иесіне тапсырма беремін, жақсы етіп, таза етіп ыңғайлы бір жерден әжетхана тұрғызуға» деп. Бірақ, екінші жаз да өтіп болуға айналды, тып-тыныш. Осындай-осындай көтерілген мәселелердің оңды шешімін табуына септесер деп қоғамдық кеңеске, оның басшылығына әлі де үлкен сенім артамыз.

Әрине, мен жиынқұмар, сөзқұмар жан емеспін. Алайда, кім де болса кемшілікке көз жұма қарамауы керек деп есептеймін. Жалпы, қандай деңгейдегі, қандай мекемедегі басшы болсаң да артыңда халқың: «Сол басшы болған бәленшенің, төраға болған түгеншенің тұсында осындай-осындай жұмыстар істелінген еді...» деп айтып жүретіндей тыңғылықты бір ісің қалғанға не жетеді.

Мұстажап АЯШҰЛЫ,

зейнеткер

Жанбай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521