Аққыстаулық ардагер Атырау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында марапатқа ие болды.
«Қазақтелеком» АҚ филиалының Исатай ауданындағы бөлімшесінде ұзақ жыл тер төгіп, зейнетке шыққан Сергей Есенғалиев II дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
Марапатты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев табыстады.
Айта кетейік, Сергей Есенғалиев «Қазақтелеком» АҚ филиалы Атырау техникалық телекоммуникация торабы Исатай желілік техникалық учаскесі электр байланысы желілік құрылыстарының VI-разрядты электр монтері болып қызмет атқарды.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ