«Аққыстауойлды» аудан әкімінің өзі қолдады

"Аққыстауойл" инстаграмм парақшасын ашудағы мақсатым - ауданның тыныс-тіршілігі мен өзекті мәселелерін жариялап отыру арқылы кем-кетік тұстарымызды түзеуге атсалысу.

Бұл ретте бастамама өзі қолдау білдірген аудан әкіміне алғысым шексіз. Аудан басшысы қабылдауына шақырып, ақыл-кеңесін айтты. Бұл маған шығармашылық шабыт берді десем де болады.

Әлеуметтік желіден аудан өмірінің әр тұсын әйгілеп отыратын парақша ашуыма тағы бір себеп жастардың инстаграмм, фейсбук желілерінде уақыттарын бос өткізбей, өңір жаңалықтарын біліп отырса деген ойдан туындаған еді. Нәтижесінде аудан халқына ауылдардың жаңалықтарын дер кезінде жариялап отыруға қол жеткіздім. Жастарға пайдасыз біреудің парақшасын ақтарып, босқа уақыт өткізгеннен гөрі мән-мағыналы жеке парақша ашса, оны табыс көзіне де айналдыруға болатынын айтар едім. Өтініш білдіргендерге көмегімді тигізуге де дайынмын.

Ілес ЖАУЫНБАЙ,

"Instagram" желісі бойынша "AQQYSTAUOIL" парақшасының әкімгері

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21