Ақжайықта жаңа спорт кешені ашылды

6 қыркүйекте Атырау облысындағы Ақжайық ауылында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қатысуымен жаңа спорт кешенінің ашылу рәсімі болды.

sportcom

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов пен спорт ардагері Жылқайдар Сұлтанов салтанатты түрде лентасын қиған ғимарат заманауи стандарттарға сай жарақталған. Бұнда ауыл жастары баскетбол, гандбол, волейбол, футзалмен айналысатын болады, басқа да спорт залдары бар. Кешеннің сыйымдылығы - 160 адам.

sportcom1

sportcom3

- Елбасы Н.Назарбаев қазақстандықтардың өніп - өсуіне барлық жағдайды жасады. Сондықтан, күш-жігерлеріңді, мектептен алған білімдеріңді, үйден алған тәрбиелеріңді ұштастырып, нағыз азамат болыңдар, - деп тілегін білдірді ашылу салтанатында сөз сөйлеген Н.Ноғаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨҚК

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика