Алматы облысында елдегі алғашқы цифрлық қала – «Alatau City» құрылысы жүріп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда қаланы іскерлік пен инновацияның орталығына айналдыруды міндеттеді.
Қазірдің өзінде қалада 18 ірі жоба қолға алынған. Оның ішінде құны 81 млрд теңге болатын «PepsiCo» зауыты, 43 млрд теңгелік «Eastcomtrans» логистикалық орталығы бар. Бұлар жүздеген жаңа жұмыс орнын ашып, аймақ экономикасына серпін береді.