Алда көктайғақ болуы мүмкін

Синоптиктер 6-8 қазан күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы төмендейді.

"Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі синоптикалық жағдай солтүстік-батыстан жақындап келетін суық антициклонмен анықталатын болады. Ол бұлтты өрістерді біртіндеп таратады, осыған байланысты түнде ауа температурасы минус мәндеріне дейін төмендейді. Тек республиканың солтүстік және шығыс өңірлері ғана солтүстік циклон жырасының ықпалында болады. Мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, екпінді жел, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі" делінген хабарламада.

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT