Әлеуметтік қызметтерді алуда мүмкіндіктер молаяды

2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда әлеуметтік қызметтер Порталы іске қосылады.

Портал арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық және гигиеналық құралдармен, жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторий қызметтерімен қамтамасыз ету жүзеге асады.

Портал техникалық оңалту құралдарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес процестердің уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Аталған порталды жүйеге енгізу арқылы әлеуметтік қызмет түрін алушы азаматтарға өзіне қажетті ем-дом шаралары мен техникалық тауарды алуға мүмкіндік туады.

Округ әкімі аппаратымен мүмкіндігі шектеулі жандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үйден шықпай-ақ 1414 (бірыңғай байланыс орталығы) нөміріне соғу арқылы «Электронды цифрлы қолтаңба» алуға тапсырыс беріп, 7 жұмыс күн ішінде Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Исатай ауданындағы бөлімінен алу қажеттігі жөніндегі жұмыстары жүзеге асырылуда.

А.Балмулдина,

Аққыстау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521