Альфия Адиева жаңа қызметке тағайындалды

"Атырау – адалдық алаңы" жобалау кеңсесінің басшысы Адиева Альфия сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Атырау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. ​

Адиева Альфия Дәулетқалиқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі.

Журналистика саласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. ​"4 билік" қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы және Төрағасы. "Атырау – адалдық алаңы" жобасы аясында 2019 жылдан бастап тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерімен айналысады, қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

"Атырау – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарына сенімін арттыруға бағытталғанын атап өту қажет. ​Адиева Альфия, сондай-ақ, Атырау қаласы жер комиссиясының, "Нұр отан" партиясының, Атырау қаласы гендерлік комиссиясының, "Нұр Отан" партиясы жанындағы Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық бақылау комиссиясының, Атырау қаласы мәслихаты жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылады.

Көптеген алғыс хаттары мен дипломдары бар, соның ішінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Сайлау алдындағы компанияның қатысуы үшін дипломының иегері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521