Алименттен жалтарып, жауапқа тартылды

Алимент төлеуден жалтарған борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қ.Қабдолов хабарлағандай, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Құрманғазы ауданы прокуратурасының ықпал етуімен алимент төлеуден жалтарған 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, аудан прокуратурасының ұсынуы негізінде борышкер А.Рыспаевқа қатысты (алимент берешегі 1,9 млн. теңге) ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау), аудандық соттың 20.09.2019 жылғы үкімімен А.Рыспаев кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған. Сондай-ақ, прокурорлық ықпал ету актісімен Н.Ажбенов ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, аудан прокурорының 03.06.2019 жылғы қаулысымен тараптардың татуласуына (борышкер 400 мың теңге алимент берешегін өтеді) байланысты іс өндірістен тоқтатылды (ҚПК-тің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы негізінде). Құрманғазы ауданы прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» нәтижесімен алимент берешектері бар 5 борышкер жұмысқа орналасып, 6 борышкер аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар ретінде есепке қойылды. Жалпы облыс көлемінде прокурорлармен қабылданған шаралардың нәтижесінде алимент бойынша берешегі бар жұмыссыз борышкерлер саны 2,5 мыңнан 724-ке азайып, 100 млн. теңгеден астам берешек өтелді. Атырау облысының прокуратурасы

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика