Алматыда ғылыми қауымдастық, жастар және еңбек ұжымдары референдумды қолдады

 

Алматы қаласында алдағы республикалық референдумға арналған кездесулер мен диалог алаңдары жалғасуда. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жалпыұлттық коалиция өкілдері оқу орнының ұжымымен кездесіп, референдумның маңызы мен азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы рөлін талқылады.

Кездесу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан референдумға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екенін атап өтті. Іс-шараға қатысушылар алдағы референдумды қолдайтындарын білдірді. Түсіндіру жұмыстары «Сталь Сервис» компаниясының еңбек ұжымымен де өтті. Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мен қоғамдық құрылым өкілдері елдің дамуы үшін белсенді азаматтық ұстаным мен дауыс беруге қатысудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Медеу ауданындағы комьюнити-орталықта Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» активімен диалог алаңы ұйымдастырылды. Жастар ұйымдары мен қоғамдық институттар өкілдері 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумды қолдайтындарын жеткізді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT