«Аманат» бақылаушылары Аққыстауда бас қосты

Әр азаматтың сайлануға, әр сайлаушының өз кандидатына дауыс беруге құқы бар және сайлау бойынша барлық ақпарат ашық болуы керек.

Сондай-ақ қоғам электоралдық барлық кезеңді қадағалауы, әр сайлаушының пікірі ескерілуі тиіс.

Сайлауға мониторинг жасайтын «Аманат» азаматтық платформасының негізгі ұстанымы осы. Биылғы Президент сайлауында алғаш рет жұмысын бастағалы отырған платформа сарапшылардан түскен 250-ден астам ұсыныстың ең өзектілерін негізге алыпты.

s

Жалпы аудан бойынша 15 сайлау учаскесі бар. Алдағы сайлауда осы учаскенің әрқайсысында «Аманаттың» тәуелсіз бақылаушылары жұмыс жасайтын болады. Өткен аптада облыстық штаб өкілдері С.Әділгереев пен Ж.Ғарифуллина ауданның мобильді капитаны С.Панабердиевпен бірлесіп, бақылаушыларға тренинг өткізді. Онда жалпылама «Аманаттың» мақсаты мен атқаратын қызметі жайында айтылып, сайлау күні бақылаушыларға жүктелетін міндеттер түсіндірілді.

- Азаматтық платформаның мақсаты мемлекет тарапынан әр кандидатқа тең дәрежеде жағдай жасап, сайлаушылардың өз еркін білдіруге мүмкіндік беру, әр сайлаушының өз құқығын толық білуі, барлық тараптың пікірін құрметтеу, пікірталас алаңдарын, сондай-ақ әр учаскеде тәуелсіз бақылаудың ұлттық желісін құру болып табылады және біз мемлекет пен қоғамның тең ынтымақтастықта болуына мүдделіміз, - деді облыстан келген өкіл Ж.Ғарифуллина.

s

Одан әрі аудандағы мобильді капитан С.Панабердиев бақылаушының мақсаты мен сайлау кезінде оларға рұқсат етілген немесе тыйым салынатын әрекеттер жайында айтып өтті. Бақылаушыларға арнайы әзірленген әдістемелік құрал – «Бақылаушы блокнотындағы» ең негізгі үш сауалнаманы толтыру жайын түсіндірген С.Әділгереев әр округтен жиылған байқаушылардың сұрақтарына жауап беріп, олардың алдағы сайлаудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тренинг соңында бақылаушыларға сертификаттар табысталды.

Ару ҚАРАҒОЙШЫҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521