Ақпараттық жүйе және әлеуметтік желімен жасалатын қылмыс

Елімізде соңғы жылдары ақпараттық жүйелерді пайдалану жолымен жүзеге асырылатын алаяқтық қылмыс деректері жыл сайын артып келеді.  

«Интернет-алаяқтық» - деп аталатын қылмыстың бұл түрі жәбірленушілердің ақпараттық жүйелерде және әлеуметтік желілерде жиі таралатын жалған жарнамалар мен хабарландыруларға, әлеуметтік желілерде таралатын чаттарға, ақшаларын қосымша үстем ақы пайызбен қайтарып беретіні туралы жалған ақпараттарға сенім бірдіріп, оларға ақша салып алданып қалу себебінен туындап отыр.

Интернет алаяқтықтың кең тараған түрі желідегі сауда алаңдарындағы түрлі хабарландырулардан басталуы. Ол ақпараттық жүйелерде алаяқтардың қандай да бір тауар немесе қызмет түрлерін жәбірленушілерге арзан бағамен ұсыну арқылы тез жеткізілуімен қызықтырады. Сөйтіп сатып алушыға алдын ала толық немесе жартылай төлем жасауды өтініп, үшінші адамдардың шотына ақша аудартады. Осылайша, алаяқтар жәбірленушілердің сенімін теріс пайдалану жолымен оларды өз пайдасына асырады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде чаттарға тіркеліп, сол жерде таралатын жалған хабарламаларға сенім білдіріп, ақшаларын үстем ақы пайызбен қайтарып алатыны туралы жалған ақпаратқа сенім білдіріп, алданып қалу себебінен туындайды. 

Қазіргі уақытта ауданымызда аудандық полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органдар тарапынан интернет-алаяқтық қылмыс деректерінің алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда арнайы билдбордтар ілініп, бейне материалдар түсіріліп, әлеуметтік желілерге таратылып, бірқатар профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда.

Қортындылай келе, халық осындай ақпараттық желілерде таралатын түрлі жарнамалардан тауар сатып алу және  әлеуметтік желімен жалған чаттарға тіркелу кезінде өзіне қатысты тың деректерді жарияламастан бұрын алдын ала сақтануды ескеру қажет.

                                                                               Исатай ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT