Аққыстауда «Сүйкімді бүлдіршін» байқауының жеңімпазы анықталды

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудандық «Сүйкімді бүлдіршін» байқауы болып өтті.

Алғашқыда бұл бүлдіршіндер сайысын 1-маусым – Балаларды қорғау күнінде мәдениет үйі сахнасында өткізу жоспарланған көрінеді.

Алайда, шектеу шараларына байланысты байқау бейнежолдау арқылы ұсынылып, жеңімпаз онлайн арқылы анықталыпты. «Байқау өзін-өзі таныстыру, өнер көрсету, білімі деңгейін таныту, «Сән әлемі» секілді төрт кезеңнен тұрды. Аталған байқауға жеті бүлдіршін қатысып, барлығы да жоғары деңгейде өнер көрсетті» дейді мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ұлан Меңдіғазиев.

Жарыс қорытындысы бойынша Милана Нұрлыбек бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынға Айзере Амангелдіқызы лайық болып танылса, Шахназ Айтқали екінші, Ақнұр Бауыржанқызы мен Айзере Төлеуғали үшінші орындарды қанағат тұтты.

Жоғары белсенділігі үшін Саида Асылболат пен Шынар Лұқпанға Алғыс хаттар табысталды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521