Аққыстаулық ерікті елордадағы ауқымды шараға қатысты

Елордада Еріктілер жылы аясында «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисі ашылып, оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Фронт-офистің ашылуы барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының жұмыстары және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыттары бойынша алаң таныстырылды.

«Бүгін барлығымыз ерекше тарихи оқиғаға байланысты елордада жиналып отырмыз. Бұл үлкен іс-шара. Еліміздің тарихында мұндай іс-шаралар бұрын-соңды болған жоқ. Сондықтан баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Биыл Волонтер жылында көптеген ауқымды жобалар қолға алынады. Осы арнайы кеңседе көптеген маңызды бастамалар жүзеге асады деп сенемін. Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде ашылады» деді Қ.Тоқаев.

«Биылғы Волонтерлар жылы аясында бірқатар ауқымды жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Осы ретте бүгінгі ашылып отырған фронт-офис еліміздегі волонтерлік қызметті жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз. Бұған қоса, Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзіңіз бастама қылып көтерген қайырымды істер жылын жоғары деңгейде ұйымдастыруда фронт-офис күш-жігерін салады деп ойлаймын» деді Ақпарат және даму министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министр бүгінде елімізде 200 волонтерлік ұйым бар екенін айтты.

 aqm-er

- Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан екі күндік шараға мен де қатысудамын. Мұнда Президент Қ.Тоқаев биыл маңызды бастамалар жүзеге асырылатынын айтып, волонтерлікті кеңінен дәріптеуді тапсырды. Басқосуда республиканың әр аймағынан келген еріктілермен танысып, олардың жеткен жетістіктерін көріп, қуанып жатырмыз. Осы іс-шарадан ойға түйген, алған инсайдтарыммен, ауылға жеткен соң аудан еріктілерімен бөлісетін боламын, - дейді «Аққыстау иман жастары» еріктілер тобының басшысы Аянбек Ахметұлы.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT