Аққыстаулық кәсіпкер: «Тоғыз айда бес миллион теңге таптым»

Бүгінде онлайн курстар жүргізіп, сол арқылы ақша тауып жүрген жандар қатары аз емес.

Тап осы карантин кезінде де осындай курс жүргізушілерге сұраныстың артқаны рас. Инстаграмды аша қалсаңыз, «карантин кезінде арзанға курс үйретем» деген түрлі бағыттағы жарнамалардан көз сүрінеді. Расында, онлайн түрде оқып, құжат алып, оны кәдеге жаратып, мамандық игеріп, кәсіп бастап жатқандар да көбейіп келеді. Cолардың бірі - аққыстаулық кәсіпкер Қымбат Ғапуова. 

- Жастар корпусын дамытуға орай өткен «Жаспроджект» жобасынан ойда жоқта миллион теңге ұтып алып, соның сабақтарына қатысып жүріп, менің бизнеске деген ойым жүз пайызға өзгерді. Бизнес туралы ізденіп, тұрақты жұмысым бола тұра, қосымша бір кәсіптің көзін табуды ойлана бастадым. Осы оймен жүріп, кәсіпкер, бизнес-тренер Ахметбек Нұрсиланың ютубтағы бизнес бастау туралы видеоларын үш күн бойы көрдім де өз нишамды табу керек деген ойға келдім. Сөйтіп инстаграмды ақтарып отырып, «жеңілдікпен 4000 теңгеге курс үйретем» деген жарнама көзіме түсіп, біреуден қарызға алған ақшаммен бизнес бастап кеттім, - дейді аққыстаулық кәсіпкер Қымбат Ғапуова.

Ол өткен жылдың тамыз айында бастаған бизнесінен қарашада миллион теңге табыс тапқан. Содан бері тынымсыз еңбек етуде. Тоғыз ай ішінде бес миллион кіріс көрген. 2000-нан астам адам курстан өтіп, оның 50 пайыздайы бүгінде Қытаймен бизнес жасау жолдарын үйреніп, тапсырыс беріп, тауар алдырту жолдарын меңгеріп, бизнестерін жасап, ақша табуды бастап кеткен.

- 10 адамға курс үйретсем, соның 1-2-еуі ғана соңына дейін жеткізуге тырысады. Үлкен әлемдік сайт бар, онда 21 миллион зауыт тіркелген. Онда бүкіл техника, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттардың сайттары бар. Курсты оқыту кезінде кейбірі қиынсынып, біреулер уақыты болмай тастап кетеді. Бизнес жасауға уақыт, денсаулық, төзім керек, - дейді аққыстаулық кәсіпкер.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521