Арабтар «Құнанбай» фильмін көреді

Әбу-Дабидегі «Манарат әл Саадият» мәдени орталығында Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанаты өтеді.

Онда режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі көрсетіледі.

Бұл жайлы ҚазАқпарат тілішісі «Қазақфильмге» сілтеме жасап хабарлайды. Киностудияның мәліметінше, мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында ұйымдастырылған.

«Құнанбай» киносынан бөлек, «Қазақ биі» деректі фильмі көрсетіледі. Бұл туындының режиссерлері – Әнуар Садықова және Ғазиз Насыров. Деректі фильмде жас балерина, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің студенті, халықаралық байқаулардың лауреаты Жанель Ұланованың өнері арқылы қазақ биінің тарихы баяндалады.

Ал ертең, 28 қаңтарда режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы» тарихи кинодиологиясының екі бірдей маусымы – «Алмас қылыш» және «Алтын тақ» фильмдері ұсынылады. Бұл туындылардың сценариі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» атты бірінші романының негізінде жазылған. «Қазақ хандығы» ауқымды тарихи жобаның идея авторы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан киносы күндерінің соңғы күні, 29 қаңтарда режиссер Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» және режиссер Джефф Веспаның «Әміре» фильмдері көрсетіледі.

Туындылардың барлығы қазақ тілінде (ағылшын тіліндегі титрлері бар) ұсынылатын болады.

Сурет: ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521