Ардагер отбасы – көпке үлгі

Қызыл үй елді мекенінде Тұщықұдық ауылдық округі әкімі Мәди Өтеғалиевтің өткен жыл ішіндегі жұмысының есебін тыңдалған ақпандағы жиында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу бағытында ауылға тал-теректер егу жайы да қозғалды.

Ауыл тұрғыны Есенгелді Отаровтың бұл ұсынысына бірден қолдау білдірген аудандық мәслихат депутаты Алмас Аманбаев осындағы 30 үйдің тұрғындарына ерте көктемде өз қаражаты есебінен 5 түптен тал жеткізіп беретінін айтқан. Халық қалаулысы сөзінде тұрды. Сөйтіп, бір кезде осындағы мектеп ауласына 15-20 түп тал отырғызған жерлесіміз, орман шаруашылығының ардагері Қадіржан Әдиевтің игі ісі жалғасын тауып, салынып жатқан жаңа мектептің, тұрғын үйлердің аулаларына шыбықтар егілді. Қазір ауыз су жеткізілген, көгілдір отын әкелу де жоспарланған, сонымен бірге түрлі әлеуметтік нысандардың бой көтеруімен етек-жеңі ұлғая түскен құм жиегіндегі Қызыл үйдің, бұрынғыдай емес, жасыл желектері де сонадайдан көзге шалынатын болып келеді.

Ауыл әкімінің айтуынша, әсіресе, Амангелді Оразов, Есболат Досқалиев, Ғабит Біләлов, Бекежан Имашев сынды ауыл тұрғындары бұл істе басқаларға үлгі десе болғандай.

«Амангелді ағамыздың ауласында бой алған шыбықтардың жетілуіне зайыбы мен балаларының ерінбей еңбектенетіні (суретте) қуантады. Осындай ауылдастардың арқасында құм жиегіндегі қоныстың жасыл желегі көбейе түседі деп отырмыз», – дейді округ әкімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521