Ардагерлеріміз тіркелуі керек

Бүгінде ауданымыздың барлық ауылдық округтері бойынша құрылған ардагерлер ұйымдары бар.

Мен бүгін өзім төрағалық ететін Аққыстау ауылдық округі ардагерлер ұйымы туралы айтқым келеді. Округ ардагерлері қатарына кезіндегі сауда, ауыл шаруашылығы саласынан, кеңес кезінде аудан орталығындағы шағын мекемелерде, байланыс, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, партия, кеңес органдарында, еңбек еткен бүгінгі зейнеткерлер кіреді. Кезінде жоғарыда айтылған салалық ұйымдардағы ардагерлер де округ ардагерлер ұйымы құрамында болған. Алайда, қазір әр салаға бөлінгеннен кейін оларды бөліп алу мәселесінде қиындықтар туындауда. Мәселен, бір ардагерлеріміз басқа елді мекендерден көшіп келген, бірақ ұйымға есепке тіркелмеген. Керісінше, басқа жаққа қоныс аударып кеткендері есепте тұр.

Сол себепті бүгінде Аққыстау ауылдық округі ардагерлер ұйымы мүшелерінің нақты есебін шығаруда қиындыққа тап болудамыз. Нәтижесінде ардагерлермен толыққанды жұмыс жүргізе де алмай отырмыз.

Сондықтан, жоғарыда айтылғандай, Аққыстаудағы сауда орындарында, байланыс, комхоз, құрылыс, ауыл шаруашылығында, партия, кеңес, комсомол органдарында қызмет еткен, сондай-ақ басқа елді мекендерден қоныс аударып келген аталған сала зейнеткерлерінің округ ардагерлері ұйымына (мекен-жайымыз: Аққыстау ауылдық округі орналасқан ғимараттың 1-қабатында, байланыс телефондары: 8 702 129 40 56, 8 777 500 01 56) хабарласулары керектігін қаперге береміз.

Қожантай СДИХОВ,

Аққыстау ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521