Облыстық мәслихаттың депутаттары Айбек Габдуллин, Нұржан Ермұханов және №3 қалалақ емханасы ШЖҚ және КМК директоры Айман Утегенова, сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Асхат Жұмабеков, «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әліби Хайдаров «аудандық орталық аурухана», «Жалын» мәдениет үйі, "сан-эпид басқармасы" қызметкерлерімен кездесіп, референдум жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- Бізді еліміздің ертеңгі күні толғандырады. Енді қасиетті қазақ еліндегі қазба байлықтардың бәрі мемлекеттікі емес халықтікі деп өзгертіліп жатыр. Яғни бұл келешекте шет мемлекеттер біздің қазба байлығымызға қол сұға алмайды деген сөз. Мен сол үшін барып дауыс беремін. Сол сияқты әркім өз жүрек қалауымен барып дауыс береді. Бұрынғыдай емес, енді әркімнің кәсіби деңгейіне, тәжірибесіне қарай, бірдей мүмкіндік беріледі. Қарапайым халықтың балаларына енді үлкен қызметтерді атқаруға мүмкіндік туады. Бұл бәріміз үшін маңызды.
Енді, Конституциялық Кеңесті Конституциялық Сот қылып өзгерткелі жатыр. Әкімшілік, сот, құқық қорғау органдары тарапынан арыз-шағымдар дұрыс қаралмай жатса немесе қиындық тудырса Конституциялық Кеңес арқылы өз құқығыңызды қорғауға жақсы мүмкіндік, - деді Нұржан Ермұханов.
Берікбол ҚОНАРОВ