Арнайы мониторингтік топ жемқорлықты алдын алуда тиімді

Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар.

 Бұл медицина саласы төңірегінде айтылған сөз десек те, бүгінгі күні қоғамда дендеген індеттер көбейіп, оны емдеу немесе алдын алуға қарсы шаралар ұйымдастыруға мәжбүр болып отырмыз.

Егер бүгінгі қоғамда сыбайлас жемқорлық індет деп қарасақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мониторинг, оның алдын алудағы тиімді әдіс болып табылады. Аталған әдіс, азаматтық қоғамның алдағы уақытта дамуы үшін маңызды рөл атқара отырып, мемлекеттің мәртебесі мен мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын жақсартады. Осы мақсатта біздің облыста да мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу Қазақстан Республикасының "2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды" сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік тобы құрылып, жұмыс жасай бастағанына көп уақыт өтпесе де ауқымды шаралар іске асырылып келеді. Қоғамдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мынадай қағидалардың негізінде жүргізіледі. Олар: заңдылық, жариялылық, ашықтық және жан-жақтылық.

Арнайы мониторингтік топ мүшелері мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимылда адал және әділ, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және шындыққа сәйкес келмейтін мәселелерді таратпайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде арнайы мониторингтік топ мүшелері өздерінің құқықтары мен міндеттерін, стандарттарын басшылыққа ала отырып, алғашқы жұмыс сапарын өткен жылдың 15-16 ақпан күндері Жылыой ауданынан бастаған болатын. Екі күнге созылған аудан орталығындағы, барлық ауылдық округтерді қамтыған бұл жұмыс тобын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Т.Қ.Жұмағұлов бастап барып, қорытындылаған болатын. Осы қорытындылау отырысында Т.Жұмағұлов анықтаған кемшіліктерді тізіп көрсетіп оларды жою жөнінде ескертпелер, ұсыныстар берді. Пікір алмасу кезінде халықтың берген ұсыныс-тілектерін облысқа жеткізу және қадағалауда болатыны айтылды. Арнайы мониторингтік топтың жұмыс жоспарына сәйкес наурыз айында жұмыс сапары Махамбет ауданында жалғасып, онда ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының және "2015-2025 жылдарға арналған стратегиясының" орындалу барысын, орындаудағы мемлекеттік қызмет көрсету және коммуналдық қызметтің сапасы туралы мониторинг жүргізіліп, орын алған кемшіліктерді жою жолдары мен мерзімі көрсетілді. Арнайы мониторингтік топтың жұмыс сапары одан әрі 14-15 маусымында Исатай ауданында жалғасты. Бұл жұмыс сапарына да ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Т.Қ.Жұмағұлов басшылық етіп, қорытындылады.

Бұл шара аудан орталығы Аққыстауда өткен «Адал жол-Честный путь» акциясында «Жемқорлық балалардың болашағын ұрлайды» атты ұранмен футболдан аудандық турнирмен жалғасып, одан соң аудандағы барлық ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесулер өтіп, аудан орталығында үлкен жиын ұйымдастырылып, қорытындыланды. Сонымен қатар, арнайы мониторингтік топтың жұмыс сапары Индер, Махамбет, Мақат аудандарында жалғасып, Құрманғазы ауданында аяқталған болатын. Осылайша, арнайы мониторингтік топ барлық ауданды және ауылдық округтерді аралап, аудандағы мемлекеттік қызметшілермен, мекемелер мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен, партия, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдерімен, кәсіпкерлер және тұрғындармен кездесіп, облыс аудандарын түгел қамтыған болатын. Ал, арнайы мониторингтік топтың Атырау қаласындағы жұмыстары мемлекеттік қызметшілердің жұмыс графигінің сақталуын анықтау, яғни сағат 18:30-дан кейін жұмыс орнында қалған мемлекеттік қызметшілерді анықтау мақсатында қалалық білім бөлімі, мемлекеттік кірістер департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, ЖКХ және қалалық әкімдікке мониторинг жүргізілді.

Нәтижесінде жұмыс уақыты аяқталуына қарамастан жұмыс орнында отырған бірнеше қызметкерлер анықталып, олардың басшыларына ескерту берілді. Сондай-ақ, осы жылдың наурыз айында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асырудағы негізгі тәсілдері бойынша брифинг өткізіліп, жаңа жобаның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді және облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша азаматтық бастамашылдық конгресінің отырысы өтті. Арнайы мониторингтік топтың Атырау қаласындағы жұмысын одан әрі теміржол саласында жалғасты.

Атап айтқанда, «Жасырын тұтынушы» әдісімен теміржол вокзалында көптеген кемшіліктер анықталып, «Атырау ТВ» телеарнасында жариялану нәтижесімен қоғамда үлкен резонанс туғызды. Сонымен қатар, арнайы мониторингтік топ мүшелері «Атырау-Ақтөбе», «Атырау-Маңғышлақ», «Атырау-Алматы» жолаушылар тасымалдайтын поездарда рейдтік шара ұйымдастырылып, вагондардағы тәртіп, санитарлық жағдайын көріп, баға беріп, анықталған кемшіліктерді жою жолдарын көрсетіп, хаттама толтырылды.

Сол секілді, арнайы мониторингтік топтың Атырау қаласындағы жұмысы екі ірі жоғары оқу орнының жатақханаларында жалғасып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі №1 жатақханасында көптеген кемшіліктерге куә болдық. Бұл жөнінде «Атырау ТВ» телеарнасында көрсеткен болатын. Бұдан басқа, осы жылдың тамыз айында Атырау мұнай және газ университетінде, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Каспий өңірінің қазіргі заманғы, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжі мен Атырау бизнес және құқық колледждерінде мемлекеттік грант бөлу кезінде «Бақылаушы» ретінде қатысып, бұл жұмыстың қалай жүретінін біліп, кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс бердік. Бұл жұмыста арнайы мониторингтік топ мүшелеріне комиссия мүшелерінің және оқу орындары басшыларының тізімі, грант бөлу графиктері табысталды. Осы график бойынша бірқатар оқу орындары қамтылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің тапсырмасына сәйкес арнайы мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірнеше білім беру орта мектептерінде 7 сұрақтан тұратын сауалнама және білім саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша мониторинг жүргізіп, осы жұмыстардың қорытындысымен Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Әжіғалиеваның және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысы Т.Қ.Жұмағұловтың, облыстық білім беру басқармасы мен қалалық білім беру бөлімінің басшыларының, сондай-ақ, барлық жоғары және арнаулы білім орындарының басшылары және мектеп директорларының қатысуымен өткен жылдың 28-қыркүйегінде білім саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселелері қаралып, анықталған кемшіліктер көрсетіліп, жауапты басшыларға ескертпелер берілді. Арнайы мониторингтік топтың мүшелері қорғаныс саласындағы көктемгі және күзгі әскерге шақыру науқанына және әскерге шақыртылушылардың мандат комиссиясының жұмысына бақылаушы ретінде қатысып және әскерге аттандыру жұмысымен танысып, кейбір ұсыныстар берілді. Ал, арнайы мониторингтік топтың 2018 жылғы соңғы отырысы өткен жылдың 21-қарашасында өткізіліп, онда арнайы мониторингтік топтың жыл басынан бері атқарылған жұмысы талқыланып, ол бойынша «Атырау» телеарнасында кеңінен таралған болатын. Қорытындылай келе, осылайша қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын орнату мақсатында осындай шаралар жүзеге асырылып, нәтижесін берді деп ойлаймын. Бұл шаралар алға қарай да жалғасын таба бермек.

Толыбай ШӘКІРОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521