«Арнау» балалар депозиті іске қосылды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Арнау» балалар депозитін іске қосты.

Депозиттің ең төменгі жинақтау мерзімі 10 жылдан 15 жылға дейін. Салымшы осы уақыт аралығында пәтер бағасының 50%-ін жинауы керек. Оған жыл сайын 2% мөлшерінде банк сыйақысы қосылады. Сонымен қатар, 20% мемлекет сыйлықақысы беріледі. (бір жыл ішінде жиналған 200 АЕК-ке дейінгі жинақ сомасына) Нәтижесінде, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі: 6%-ға дейін жетеді.

«Арнау» депозитінде шарт сомасының 50%-ын кем дегенде 10 жыл бойы жинап, 48 ұпайға тең Бағалау көрсеткішіне (БК) қол жеткізу керек. Осы талаптар орындалған соң депозит иегері тұрғын үй сатып алу үшін 2% жылдық мөлшерлемемен тұрғын үй заемын рәсімдей алады» делінген хабарламада.

Заем тек кәмелеттік жасқа толған депозит иегерінің атына беріледі, яғни үй алар сәтте баланың жасы 18-ден жоғары болуы керек.

«Арнау» депозитін сәбидің атына тек баланың заңды өкілдері (ата-анасы, қамқоршысы) ғана аша алады. Ал оған қаражатты баланың ата-анасы мен қамқоршысынан бөлек, оның әжесі, атасы, ағалары мен әпкелері, тіпті, ұйымдар да толықтыра алады.

Депозитті 18 жасқа дейінгі кез келген балаға ашуға болады. Мысалы, баланың жасы 15-те болса және оның атына депозит ашылса, 10 жылдан кейін, яғни 25-ке келгенде 2%-бен тұрғын үй заемын рәсімдей алады.

«Арнау» депозитін ашу үшін банк кеңесшілеріне хабарласу қажет.

Abai.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT