Арнаулы әлеуметтік төлем қашан, кімдер үшін және қандай мақсатта енгізілді?

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен қамтылған азаматтары мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін одан әрі арттыру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылатын арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді. 

Жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын кәсіптері мен қызмет түрлері еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін аударады. Ондай қызмет түрлерінің 2 мыңнан астамы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемдер экономиканың әртүрлі салаларында, соның ішінде тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде және басқаларында жұмыс істейтін қызметкерлерге төленеді. Қызметкердің 55 жасқа толуы, жиынтығында кемінде 84 ай бойына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (бұдан әрі - МКЗЖ) төленуі арнайы әлеуметтік төлем алудың басты шарты болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521