Аса мұқтаж отбасылардың балаларына 500 мың компьютер беріледі

Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин жаңа оқу жылына қатысты министрліктерге тапсырма берді.

«Оқу жылының басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Дайындықты күшейту керек. Қашықтан оқытудың методологиясын пысықтап, балалар, ата-аналар мен мұғалімдердің арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Ол үшін 20 тамызға дейін алдағы оқу үрдісі туралы толық ақпарат бере отырып, онлайн режимде республикалық ата-аналар жиналысын ұйымдастыру керек» деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, Үкімет аса мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін шамамен 500 мың компьютерді беруді қамтамасыз етеді.

«Әкімдіктер компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін жергілікті деңгейде қосымша пысықтасын» деді Асқар Мамин.

aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521