Әскери қызметшілер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Мерекелік күні Атырау гарнизонының әскери бөлімдерінде салтанатты құрамалар мемлекеттік рәміздерді мерекелеумен және «Біздің мемлекеттік рәміз» эссе байқауының қорытындысын шығарумен өтті.

4 маусымда «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жеке құрамның таңертеңгі таратылымы мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның салтанатты түрде шығарылуымен басталды. Содан кейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы Басқармасының үздік офицерлері мемлекеттік туды көтеріп, еліміздің Әнұраны орындалды.

ascer0306

- 1992 жылы мемлекетіміздің айрықша белгілері - Туы, Елтаңбасы және Гимні ресми түрде бекітілді. Содан бері біздің айбынды және идеологиялық тұрғыдан бай рәміздеріміз әлемнің түкпір-түкпірінде шырқалды және көтерілді, олар біздің ортақ мұрамыз және патриотизмнің көрінісі деп білемін көрінісі» деп атап өтті өз сөзінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Алдияров.

Салтанатты рәсім кезінде әскери қызметкерлердің балалары арасында өткізілген «Біздің мемлекеттік рәміздер» байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды. Дәстүр бойынша, әскерде мемлекеттік рәміздерге деген ерекше құрмет қатынастары қалыптасқан, бүгінгі күні барлық маңызды іс-шаралар Әнұранды орындаудан және Туды көтеруден басталады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521