Әскери жөндеушілер жоғары деңгейлерін дәлелдеп шықты

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері жылжымалы автомобильдерді жөндеу бойынша мамандарға арналған барлық нормативтерді үздік орындады.

ascer0103-min

Техникалық қолдау - әскерлерді жан-жақты қолдау түрлерінің бір бөлігі болып табылады. «Батыс» өңірлік қолбасшылығында бұл бағытқа ерекше назар қойылған. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімдерінің әскери қызметкерлері нормативтерді тапсыру барысында өздерінің біліктіліктерін үнемі жетілдіріп, кәсіби шеберліктерін арттырып отырады. Кезекті сынақ барысында әскери қызметшілер кран жебені орнату және жинау бойынша, техникалық қызмет көрсету посттарын өрістету және ширату, газбен дәнекерлеу нормативтерін сәтті орындады.

010321-min

«Біздің бөлімшенің негізгі бөлігін әскери техниканы дайындау мен жөндеуде үлкен тәжірибесі бар келісімшарт бойынша әскери қызметшілер құрайды. Әскери бөлімнің жауынгерлік дайындығы өте қарқынды болуына байланысты, техникалық қамтамасыз ету мамандарына қару-жарақ пен әскери техниканы оңдауда ұдайы шыңдалып отыруға мүмкіндік бар. Бүгінгі көрсеткіштер соның айқын дәлелі» дейді материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының командирі капитан Самғат Ахмет.

Техникалық қамтамасыз етудің негізгі іс-шараларына жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы ұдайы дайындық деңгейінде сақтап тұруға және істен шыққан қару-жарақ пен техниканы қалпына келтіру жатады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі капитан Рустем Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика