Әскерилер оқу полигондарында тазарту жұмыстарын бастады

Мамыр айының соңына дейін 40 мың гектардан астам оқу-жаттығу полигондарының аумағын жарылмаған снарядтар мен әскери үлгідегі жарылғыш заттардан тазарту жоспарланып отыр.

Тазарту жұмыстары Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарында орналасқан «Оймаша», «Бейнеу», «Есет батыр» және «Қарабатан» полигондарының аумағында жүргізілетін болады.

ff017fa7-e2cd-43ee-a5d2-8a4dac0cffde

Жұмыстарды орындауға тартылған инженерлік-саперлік бөлімшелер қажетті жеке қорғаныс құралдарымен, 0,6 метр тереңдіктегі жарылғыш заттарды табуға арналған заманауи мина детекторларымен, байланыс құралдарымен және жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған көлікпен қамтамасыз етілген.

- Полигондарды тегіс жоспарлы түрде тазарту жылына екі рет жүргізіледі. Оның басты міндеті - жеке құраммен жаттығу сабақтары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жарылмаған оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды жою. Жұмыстарды осы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді 41433 әскери бөлімінің инженерлік қызметінің бастығы капитан Нұржан Сапарбеков.

999b5976-3b7d-4976-acb9-ea524a79894d

Тегіс тазарту кезінде әскери қызметшілер негізінен жарылмаған снарядтарды, істен шыққан оқ-дәрілерді немесе олардың сынықтары мен қалдықтарын табады. Егер жарылғыш заттар табылса, олар детонациялау әдісімен сол жерде жойылады. Тасымалдауға болатын заттар белгіленген жерде жиналады. Мұның бәрі жаттығу сабақтарына қауіпсіз жағдай жасау үшін қажет.

Сондай-ақ, полигондарды тазарту жоспарына сәйкес полигон жабдықтарын қалпына келтіру, жауынгерлік дайындық топтарының техникаларына маусымдық қызмет көрсету, полигон периметрін қазу, ескерту белгілерімен жабдықтау сияқты жұмыстар жүргізілетін болады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика