Астана сапарынан алған әсерім тамаша

Биылғы жазғы демалыс мен үшін ерекше болды.

Өйткені, бұрын-соңды барып көрмеген Астана қаласын көрудің сәті түсті.

Апаммен ілесіп барған осы жолғы сапарым маған өте қатты ұнады. Астанамыздың 20 жылдығымен тұспа-тұс келген сапарымыз барысында бас қаламыздың көрікті де әйгілі жерлерін араладық. Атап айтқанда, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы, Бәйтерек монументі, «Керуен» орталығы және көптеген халық өте көп жиналатын жерлермен қатар Атырау облысы Астанаға тарту еткен көпірге бардық. Амфитеатрдағы мерекелік концерт кезінде мен алғаш рет Президент Н.Назарбаевты көрдім.

Жалпы Астана қаласы маған өзінің қонақжайлығымен, кез келген адамды өзіне тарта білетін ыстық ықыласымен ұнады. Ондағы адамдар өте қарапайым әрі кішіпейіл екен. Жолдан адассаң, ғимараттарды таба алмай жүрсең, жөнге салып, бағыт сілтей салады. Келесі жылғы демалысымда да, сәті түссе, бас қаламызға барғым келеді.

Светлана ХАЛИДОЛЛА,

Абай атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Аққыстау ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521