Астанада 1500-ден аса оқушы «Атамекен» әнін орындады

Фото: Астана әкімдігі

 

АСТАНА. KAZINFORM — Республика күніне орай және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Мемлекеттік рәміздер алаңында ауқымды флешмоб өтті. Оның қатысушылары «Атамекен» әнін орындады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Іс-шараға елордалық мектептердің 1500-ден астам оқушысы қатысты.

        — Флешмоб өскелең ұрпақтың бойында азаматтық бірегейлікті, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен дәстүрлерін құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған. Орындау барысында қатысушылар Қазақстанның жас буынының бірлігі, достығы мен ашықтығының символы — ашық алақан бейнесін жасап, бес қатарға тұрды. Бұл алақан жылулық пен қолдаудың бейнесіне айналды, — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Астананың барлық мектебінде осындай флешмобтар өтті, оқушылар «Менің Қазақстаным» акциясын қолдап, патриоттық композицияны орындады.
Астанада республика күніне орай 1500-ден астам оқушы «Атамекен» әнін орындады

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Ұлттық мереке — Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы мерекеге орай, Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарланған. Олардың арасында мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және тағы басқалар бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT