Астық кем жиналды. Енді нан бағасы қымбаттай ма?

Ауыл шаруашылығы министрі астық көлемі ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті болатынын айтты.

НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Биыл 1-1,5 тонна астық кем бастырылады, бірақ бұл нан бағасына әсер етпейді. Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Нан жыл басынан бері қымбаттап жатыр дегенмен келіспеймін. Өйткені осы жылдың басында мен брифинг өткізіп, нан бағасын ұстап тұру үшін Азық-түлік корпорациясы нан пісіретін комбинаттарға 100 мыңнан 150 мың тоннаға дейін астықты төмен бағамен сататынын айтқан едім. Сол бидайдың 100 мың тоннасын саттық. Нанның бағасы содан бері тұрақты тұр", - деді Омаров үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр аптап ыстықтан биыл 1-1,5 миллион тонна астық кем бастырылатынын атап өтті.

"Кем жиналған астық ішкі нарыққа қатты әсер етпейді. Өйткені 19 миллион тонна астық бастырсақ, оның 9 миллионы ішкі нарықта қалады. Қалған 7-8 миллион тоннасын экспортқа шығарамыз, ар жағында тағы екі миллион тоннасы қалады. Оның үстіне былтырдан қалған 1,5 миллион тонна астық тағы бар. Бәрін қосқанда, астық көлемі ішкі нарықты қамтамасыз етуге жеткілікті" деп сендірді ведомство басшысы.

Айта кетсек, республика бойынша дәнді дақылдар алқабы 15,2 миллион гектарды құрайды. Қазір оның 4,8 миллион гектары жиналды, бұл 31,7%

COVID 19

covid

Күнтізбе

мамыр 2020
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21