Асыл тұқым – азбайды

Қазіргі ауыл шаруашылығындағы жұмыс сан-салалы болып келеді.

Соның бірі – малды асылдандыру жұмыстары. Бұл маңызды шаруаға мемлекет тарапынан да қолдау аз емес, тек талап пен талпыныс керек-ақ.

Ол бастан-ақ тұрғын халқының дені мал шаруашылығымен айналысқан ауданымызда бүгін де бұл кәсіптің өзіндік орны ерекше саналады. Соның арқасында төріміз төрт түлікке толды, енді осынау малдан алынар өнімді молайту ісі де қазіргі күннің бірінші кезекті міндетіне айналды. Сол үшін бүгінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша асыл тұқымды мал сатып алу жұмыстары жалғасын табуда. Күні бүгін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес және шаруагерлерді қаржылай қолдау мақсатында биылғы алғашқы алты айда 29 шаруашылыққа 33 650 000 теңге субсидия берілді. Оның ішінде 4 500 000 теңге 30 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аталық малдарын сатып алғаны үшін берілген. Ал 63 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналық малдарын сатып алғаны үшін 9 450 000 теңге субсидия беріліпті. Мамандардың айтуынша, 13 550 000 теңге мүйізді ірі қара малдарына селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізгені үшін тиесілі болған. Сондай-ақ, 6 150 000 теңге алынған 822 бас төл үшін деп келтірілген дерек соңында бұл жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын таба беретіні айтылады.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы айтқанда, деректерде келтірілгендей, аудан бойынша күні бүгін осындай 3 шаруашылық бар екен. Аталған шаруашылықтар, яғни, асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдарын өсіретін «Мажанов Т» шаруа қожалығы «Қазақтың ақ бас сиыры» тұқымын, «Серижан» шаруа қожалығы «Әулиекөл», «Тілегенова Р.Т» шаруа қожалығы «Обрак» тұқымдарын өсіруде.

Алғашқы жарты жылдықта аталған үш шаруа қожалығының алғашқысы «Қазақтың ақ бас сиыры» тұқымының 94 бас аталығын, екіншісі «Әулиекөл» тұқымының 16 басын облыс көлемінде асылдандыру бағытында жұмыс жүргізу мақсатымен шаруашылықтарға сатуды жүзеге асырып отыр.

Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521