Атырау облыстық "Jas Otan" Жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен "Жас көшбасшы - 2019" облыстық байқауы өтті.
Онда Аққыстау орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ерланқызы Асылай жеңімпаз атанды. Патриоттық сайыста аудандар мен қаладан барлығы 9 көшбасшы қатысқан болатын. Алдымен еркін форматта өздерін таныстырған қатысушылар тарих пәнінен сұрақтарға жауап беріп, өз өнерлерін де көрсетті.
- Жарысқа қатысқан жас мамандар мен студенттер арасында мен ең жас қатысушы едім. Аудан намысын қорғау үшін үлкен дайындықпен бардым. Осы жарыс барысында маған барлық мүмкіндікті жасаған ұстаздарыма және достарыма рахмет айтамын. Сонымен қатар осы байқауға аудан атынан мені лайық деп ұсынған Жастар ресурстық орталығына да ризашылығым шексіз, - деп өз қуанышымен бөлісті жас көшбасшы.
Алдын ала әлеуметтік желі арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша да Асылай үздік деп танылған болатын. Ол алғыс хатпен бірге 50 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Ұлжан ӨТЕГЕНҚЫЗЫ,
Жастар ресурстық орталығының маманы