2021 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 5 пайызға өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2021 жылдың 1 қаңтарынан еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын әлеуметтік төлемдер мөлшерінің бес пайызына арттыру жүргізілсін" делінген Үкіметтің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 891 қаулысында.
Қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сурет: ашық дереккөзден