Ата-аналар 16 жасқа дейінгі балаларын үйден шықпай-ақ тіркей алады

Қазақстандық ата-аналар 16 жасқа толмаған балаларын eGov.kz порталында тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркей алады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысовтың айтуынша, бұл қызмет ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ата-аналарға халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ балаларын өз бетінше тіркеуге мүмкіндік беру мақсатында әзірленді.

"Қызмет өте қарапайым және түсінікті, ал ең бастысы, оны 15 минут ішінде алуға болады" деді ол.

Баланы тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеу

Баланы eGov.kz порталында тіркеу үшін "Азаматтық, көші-қон және иммиграция" қосымша бетінде "Тұрғылықты жері бойынша 16 жасқа дейінгі балаларды тіркеу" қызметін таңдап, "Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу қажет.

Осыдан кейін ата-ана АХАЖ ақпараттық жүйесінде туыстық байланысты растау үшін баласының ЖСН-ін (ИИН) енгізеді.

Растау келгеннен кейін, анықтамалықтан "Келу мақсатын" және "Тіркеу себебін" таңдау қажет. Онда қызметке тапсырыс беруші ата-ана бала тіркелетін тұрғын үйдің иесі болып табылатынын көрсетуі тиіс.

Егер ол меншік иесі болса, "Мен – меншік иесі" алаңын белгілейді немесе мекенжайдың тіркеу кодын енгізеді және табылған мекенжайлар бойынша баланы қайда тіркеуді таңдайды.

Сұрау салуға электронды сандық қолтаңба немесе бір реттік парольдің көмегімен қол қояды. Сұрау салу сәтті жүзеге асқан жағдайда мемлекеттік органнан жеке кабинетке өтінімнің орындалғаны туралы хабарлама келеді.

Егер ата-ана пәтердің меншік иесі болмаса, "Мен меншік иесі емеспін" алаңын белгілейді. Меншік иесінің ЖСН және мекенжайын енгізеді, осыдан кейін "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында тексеріс басталады.

Растаудан кейін өтінім меншік иесіне келісуге жіберіледі. Өтінім меншік иесімен келісілгенде, ата-ана электронды сандық қолтаңба немесе бір реттік пароль арқылы сұрау салуға қол қояды. Соның нәтижесінде пайдаланушының жеке кабинетіне өтінімнің орындалғаны туралы хабарлама келеді.

sputniknews.kz

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521